Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

10 мейрамхана бизнесін өндіріске бағыттады

23.11.2020, 17:30 691

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында мейрамхана бизнесімен 128 нысан айналысады.

Көпшілігі мейрамхана тұрақсыз бизнес екенін түсінді. Сол себепті, ресурстар мен энергияны тұрақты табыс әкелетін арнаға ауыстыруда. Мәселен, өңірдегі 10 тойхана қызметін басқа салаға бағыттады. Бірі балалар ойын алаңы мен кондитерлік өнімдер өндіретін цехына ауыстырып жатыр. Сонымен бірге сусындар және лаваш шығару өндірістерін іске асырмақ. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды басқа да кәсіпкерлермен де жалғастырудамыз, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Бизнесті қолдау үшін 54 мыңнан астам кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер беріліп, 8 мыңнан астам кәсіпкер міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемінен босатылды. Жыл соңына дейін 194 шағын және орта бизнес субъектісі жалдау ақысынан босатылады. Шамамен, 9 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі 11 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын қарыздары бойынша төлемдері кейінге қалдырылып, қайта құрылымдалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: