Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

28 Панфиловшылардың ерлігіне сенбейтіндерге

19.09.2023, 9:20 259

HALYQLINE.KZ

1972 жылы 4 рет Совет Одағының батыры атанған, Совет Одағының Маршалы Г.К.Жуковтан: «Москва түбіндегі шайқаста кімнің ерлігі ерекше есіңізде қалды?»-деп журналист сұрайды.

Сонда ол: «Панфиловшылардың, Зоя Космодемьянскаяның, т.б. батыр жауынгерлерді білесіздер, олар аңызға айналды, халқымыздың мақтанышы. Дегенмен, олардың қатарына 694-ші танкіге қарсы артиллерия полкінің зеңбірек оқтаушысы Ефим Анатолийұлы Дыскинді қосар едім. 1941 жылдың күзгі күндерінің бірінде 694-ші полк жау танкілерінің шабуылына тойтарыс берді, 50 танкісіне төтеп бергенмен, бүкіл полктен 3-ші батареяның екі жауынгері ғана аман қалды. Олар снаряд тасушы бір жауынгер меноқтаушы Ефим Дыскин еді. Осы екеуіне қарсы 8 танкі шабуылға шықты, 2 фашист танкісін атып жойған соң, қасындағысы өліп кетіп, қатардағы жауынгер Дыскиннің бір өзі қалды. Төрт рет жараланса да, Дыскин алты танкіні бір өзі жойып жібереді, осылайша 8 танк шабуылын тоқтатады, Дыскин қаза тапқан соң Совет Одағының батыры атағы берілді» деген болатын.

Бірақ батыр тірі қалған болатын, соғыстан соң Ефим Дыскин (1923-2012) (суретте) медициналық қызметтің генерал-майоры, 1981 жылы ғылым докторы, 1967-1988 жылдары Әскери медициналық академияның бастығы болады. Менің айтпағым, Дыскиннің шын аты мен әкесінің аты Қайым Нафтуллаұлы, фамилиясы Жексен болуы да мүмкін. Бір адамның бір шайқас үстінде сегіз танкіні атып құртып жіберуі дүниежүзі соғыс тарихында болмаған екен. Сондықтан орыстар оны орыстандырып жіберген сияқты, анадай атақ-дәреже үшін өз ұлтынан бас тартуы да мүмкін, меніңше ол шоқынған ноғай болуы мүмкін. Өмірде не болмайды, мансап үшін руын да өзгерткен жігітті білемін.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: