Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Кішкентай капрал» сарбазды неге ату жазасына бұйырмады?

24.11.2026, 10:25 45

HALYQLINE.KZ

Бірде қарауылдарды тексеру кезінде Наполеонның көзі ұйықтап кеткен сақшыға түседі. Әскери жарғы мен соғыс уақытындағы заңдарға сәйкес, қарауылда тұрып ұйықтап кеткен сарбаз әскери сотқа тартылып, ату жазасына кесілуі тиіс еді. Өйткені өз міндетіне салғырт қарап, қарауылда ұйықтап қалу арқылы ол қаруластарының өміріне қауіп төндіреді.

Ал Наполеон не істеді дейсіз ғой?

Ол күтпеген шешім қабылдады. Ұйықтап жатқан сарбаздың қолындағы мылтығын алып, иығына асып, оның орнына өзі қарауылға тұрды.

Кейінгі жылдарда да, бүгінгі күнге дейін де Наполеонның бұл әрекетін айыптай алған психолог та, нағыз қолбасшы да болған емес. Өйткені сарбаздың жорық кезінде қаншалықты шаршайтынын одан артық ешкім білмейтін. Сондай-ақ «Кішкентай капралдың» сарбазды ату жазасына бұйыртудың орнына, оның мылтығын иығына асынып, орнына қарауылға тұрғаны туралы оқиғаның бүкіл әскерге найзағайдай тез тарайтынын Бонапарт жақсы түсінді.

Айтуларынша, бұл оқиғадан кейін Наполеонның сол әрекеті туралы хабарды естіген сарбаздар онымен бірге шайқасқа аттанып, ол үшін бұрын-соңды болмаған қайсарлықпен, батылдықпен жанын қиюға да дайын болған.

Сәкен  Бейсенұлы.

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: