Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір рет опасыздық жасаған адам екінші рет сатқындық жасаудан тайынбайды

02.11.2026, 9:05 53

HALYQLINE.KZ

Бірде Шыңғыс хан Бұхараны қоршауға алмақ болып, оны қанша шабуылдаса да ала алмайды. Бұған шыдамаған ол қала тұрғындарына: «Біздің жағымызға шыққандарға – қауіпсіз», — деп жазады.

Бұхара тұрғындары екі топқа бөлінеді. Олардың алғашқысы Шыңғысханға бағынудан бас тартса, екіншілері келіседі.

Шыңғысхан өзіне бағынуға келіскендерге: «Егер бас тартқандармен күресуге көмектессеңдер, қаланы өздеріңе сеніп тапсырамын», — деп жазады.

Осылайша, келіскендер оның бұйрығын орындап, екі топ қырғиқабақ соғысады. «Шыңғыс ханның жақтастары» жеңіске жетеді, алайда, басқыншылар қолдарына қару алып, олардың өздерін өлтіре бастайды. Бұл үлкен соққы еді.

Сонда Шыңғысхан:

«ЕГЕР ОЛАР АДАЛ БОЛСА, БІЗ СЕКІЛДІ ЖАТ АДАМДАР ҮШІН БАУЫРЛАРЫНА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАМАС ЕДІ», — дейді.

Бұдан шығатын қорытынды:

«БІР РЕТ ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАҒАН АДАМ ЕКІНШІ РЕТ САТҚЫНДЫҚ ЖАСАУДАН ТАЙЫНБАЙДЫ».

Араб тарихшысы Ибн әл-Асир (1160-1234).

Айгүл САҒЫМБАЙДЫҢ жазбасы

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: