Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жайсаң жандардың мерекесі

01.11.2022, 8:40 386

HALYQLINE.KZ

Әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың қасынан табылып, әркез көмек қолын созатын мамандық иелері – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін жайсаң жүректі жандар десек артық емес. Жыл сайын сала қызметкерлері өз кәсіби мерекелерін қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтеді.

Осынау мерейлі мерекеге орай сала қызметкерлерін Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтап, құрмет көрсетті.

– Әдетте жалғызбасты жандар, көпбалалы аналар, аз қамтылған азаматтар, мүгедектер мен жетімдер көмекке мұқтаж. Мұндай адамдар тек материалдық қана емес, сонымен қатар адамзат жылуын, қамқорлығын, жылы сөздерді қажет етеді. Бұл ретте әлеуметтік қызметкерлер, Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Бүгінгі мерекенің атап өтілуі де – жанқиярлық еңбектеріңізбен тынымсыз қамқорлық жасап отырған Сіздерге деген шынайы құрметтің белгісі, – деді Мұхтар Әуесұлы.

Шара барысында Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бірқатар қызметкерлерді облыс және аудан әкімі, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

Салтанатты іс-шарада әлеуметтік қорғау жүйесі саласының ардагері Жаппарберген Жалғасбаев құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді.

Мерейлі мереке барысында жайсаң жандарға арнап өнерпаздар ән-күйден шашу шашты.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: