Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еңбек ардагерін мерейтойымен құттықтады

04.11.2026, 15:00 50

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданының әкімі Ғалымжан Жарқынбек Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Әбутәліп Сүйіндіковты қабылдап, 75 жас мерейтойымен құттықтады, деп жазады баспасөз қызметі.

«Сізді аудан жұртшылығының, тілеулес азаматтардың атынан мерейлі 75 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз саналы ғұмырыңызды ел игілігіне, туған жердің өсіп өркендеуі мен дамуына арнадыңыз. Бүгінде зейнеткерлікке шықсаңыз да қоғамдық-саяси өмірден алыстамай, жастарға бағыт-бағдар беріп, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосып келесіз. Ол үшін сізге айтар ризашылығымыз шексіз», — деді аудан басшысы.

Мерейтой иесіне аудан әкімінің «Құттықтау хаты» табысталып, дәстүрге сай сый-құрмет көрсетілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: