Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада киікке ұқсас 60-қа жуық жануардың өлексесі табылды

24.11.2026, 18:03 8

20 қарашада Қызылорда қаласында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, киікке ұқсас жануарлардың 58 өлексесін анықтады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігіне сәйкес Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеу жүргізілді.

Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауда.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті табиғат қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және жабайы жануарларды заңсыз аулауға жол бермеуге шақырады.


Фото: Экология министрлігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: