Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосқан бір топ азамат марапатталды 

20.11.2026, 17:25 16

HALYQLINE.KZ

Қазақстанның әр өңірінен келген ауыл шаруашылығы қызметкерлері саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттік наградалармен марапатталғандар арасында шаруашылық басшылары, механизатор, малшы, бақташы және басқа да мамандар бар.

Мемлекет басшысының жарлығымен мына тұлғалар марапатталды:

«Парасат» орденімен

Асанов Бейбіт Батниязұлы – «Жеңіс» ШҚ басшысы, Батыс Қазақстан облысы

Нұртазаев Бақыт – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қызылорда облысы;

II дәрежелі «Достық» орденімен

Рудаков Александр Сергеевич – «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы және президенті, Ресей Федерациясы;

«Құрмет» орденімен

  • Балжігітов Сейітжан Қапанұлы – «Достан Ата» ШҚ басшысы, Атырау облысы
  • Ищанов Қуаныш Аманғалиұлы – «Айс-плюс» ЖШС директоры, Ақтөбе облысы
  • Мақатов Қайырбай Қонқаұлы – «Бижан» ШҚ басшысы, Қостанай облысы
  • Хуршудов Ислам Махмудович – «Агро Балтабай» ЖШС малшысы, Алматы облысы;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

  • Ахметжанов Рүстем Қажықанұлы – «Қапшағай МТС Сервис» ЖШС малшысы, Алматы облысы
  • Әменов Мәкіш Керімбайұлы – жылқышы, Ұлытау облысы
  • Клишин Виктор Александрович – «Жер өнімдері» ЖШС тракторшы-механизаторы, Ақмола облысы
  • Темірбаев Қуандық Сейіткенұлы – «Меңдеш» ШҚ механизаторы, Павлодар облысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

  • Әбдірайымов Дәурен Шыңғысұлы – «Дәурен» ШҚ зоотехнигі, Абай облысы
  • Әбсәттар Өтепберген Әкімұлы – «Өтепберген» ШҚ түйе өсірушісі, Түркістан облысы
  • Қапарова Әлия Айбасқызы – «Burabay Milk» ЖШС бұзау күтішусі, Ақмола облысы
  • Сейдахметов Бауыржан Қабиұлы – «Шалқар» ШҚ аға бақташысы, Маңғыстау облысы;

«Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы 

  • Айтөленов Дастан – «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС директоры, Жамбыл облысы
  • Звольский Сергей Адамович – «Астық-STEM» ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Нығметов Сейітжапар Алшынбекұлы – «Қайнар» ЖШС директоры, Қарағанды облысы
  • Тезекбаев Жұмаш Жұмабекұлы – «Егемендік» ШҚ басшысы, Жетісу облысы. 

Фото: Ақорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: