Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев: «ДДСҰ коронавирустың қаупі сейілмегенін растады»

04.06.2020, 9:10 342

HALYQLINE.KZ  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқыны туралы пікір білдірді. Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды.

«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін ДДСҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын», – деп жазды Тоқаев.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асты. Аурудан 6240 адам айықса, қайтыс болғандардың саны 48-ге жетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: