Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үкіметте олигарх-бизнесмендер толып отыр

15.04.2026, 11:00 38

HALYQLINE.KZ

… Негізінде, біздің үкіметте олигарх-бизнесмендер толып отыр. Бізде барлығының демеймін, бірақ көпшілік депутаттардың да, министрлердің де, әкімдердің де бизнестері бар. Енді қараңыз, сол үкіметте отырған олигарх-бизнесмендер бір күні компанияның басшысы болса, келісі бір сәтте министр, одан кейін әкім болып шыға келеді. Әрине, жоғары мансапта отырған мұндай олигархтар өздерінің бизнесі дамуы үшін барынша бюджеттен ақша алуға әрекет жасайды. Оларға инвестор іздеп сабылғаннан дайын тұрған бюджеттің бүйірін ұңғи беру оңай. Тіпті жаңағы үкіметте отырған олигарх-бизнесмендер Қазақстан Даму банкін (ҚДБ) өздерінің меншігіне айналдырып алды. Қазір ҚДБ тек олигархтардың ғана жобасын қаржыландыратын банкке айналып кетті. 2022 жылы президенттің өзі бұл банктен ірі олигархтардың асқан жеңілдікпен арзан несие алғанын, банк тек ауқатты байлардың ғана банкіне айналып бара жатқанын сынаған кездер болды. Сонда олар өз бизнестерінің тамыры тереңге жайылуы үшін бюджеттен бір қаражат алса, ҚДБ-ден жеңілдікпен тағы арзан несие алса, мемлекеттік сатып алу арқылы тағы бір қаражатты кемірсе, бұдан экономика дамымайды. Мұндайды «жекелеп баю» деп атайды. Қазір Қазақстанның байлығын 162 адамның ғана иеленіп отырғаны ашық айтыла бастады. Енді сол санаулы ғана олигархтар байып, қалған ел ол байлықтың шетін де көрмей отырмауы үшін инвесторлар кеңесінен бөлек, әр министр, әр әкім, аудан-ауыл әкімдеріне дейін еліне, жеріне инвестиция тартумен айналысуы керек. Ол артық болмайды. Мұны қоғам болып талап етуіміз қажет…

Сапарбай ЖОБАЕВ,

экономист-ғалым.

(«Жас Алаш» газетіне берген сұхбатынан)

Фото: prikol-shop.com.ua

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: