Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық кәсіпкер «Күшіміз бірлікте» қорына 1 млн теңге аударды

20.01.2022, 10:15 572

HALYQLINE.KZ Қызылордалық кәсіпкер, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Раушан Базарбай «Күшіміз бірлікте» қорына «Сана-Сезім орталығы» ЖШС атынан 1 млн теңге аударғанын жеткізді.

Кәсіпкер бұл қаржы қаңтар оқиғасында зардап шеккен бизнестің аяққа тұруына көмек болады деген сенімде және өзге де әріптестерін қолдау білдіруге шақырды.

2022 жылғы 11 қаңтарда елімізде арнайы «Күшіміз бірлікте» қоры ашылды.

Қоғамдық ұйымның басты мақсаты – зардап шеккен бизнеске көмек беруде кәсіпкерлер мен барлық қамқор азаматтың күшін біріктіру.

Қор еліміздің 14 өңірінен белсенді кәсіпкерлердің бастамасымен құрылды. Қаражатты жинау және бөлу процесін барынша ашық жүргізу үшін қамқоршылық кеңес қызмет етеді. Қызылорда облысынан қамқоршылық кеңеске Өңірлік кеңес төрайымы Гүлзағира Әбдірайымова кірді. Кеңес мүшелері аудит жүргізіп, Қор жұмысы бойынша БАҚ көздеріне есеп береді. Ұйым жұмысқа (өтеусіз негізде) атсалысуға, жанашырлық танытқан қоғам қайраткерлерін қосуға дайын.

Мүдделі тұлғаларға ыңғайлы болу үшін арнайы infokazakhstan.kz сайтында осы жылдың 4-7 қаңтарында тәртіпсіздік барысында зардап шеккен субъектілер үшін электрондық кезек іске қосылды.

Өтініш беру үшін сайтта бірнеше әрекет жасау жеткілікті. «Көмек қажет» батырмасын таңдап, электронды өтінішті ашу керек. Онда компанияңыз туралы деректерді енгізіп, келтірілген залалды фото-материалдармен растаған соң, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қою керек. Әр қарай «Күшіміз бірлікте» ҚБ өтінішті бағалау компаниясына жібереді, онда залал мөлшері туралы қорытынды беріледі. Бұдан кейін кәсіпкермен келісімшарт жасалып, кезек тәртібінде көмек көрсетіледі.

Көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтар мына реквизиттерді пайдалана алады:

«БанкЦентрКредит» АҚ:

алушы: «Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583

есепшоты: KZ268562203115072353

«БанкЦентрКредит» АҚ реквизиттері: БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX БСН/БИН 980741000260 010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы Қабанбай батыр даңғылы, 15 А.

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ:

алушы: «Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583

есепшоты: KZ52551Z128000206KZT

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ реквизиттері: БИК KSNVKZKA

Айта кету керек, 19 қаңтардағы ақпарат бойынша Қызылорда облысында зардап шеккен кәсіпкерлік нысандардың саны 29-ға жетті. Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына хабарласқан бизнес өкілдерінің ақпараты бойынша залалдың жалпы сомасы шамамен 403 млн теңгені құрайды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: