Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазатомөнеркәсіптің» тағы бір басшысы қызметінен кетті

27.11.2026, 16:00 19

HALYQLINE.KZ

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Компанияның хабарлауынша, Дархан Сағындықовтың өтініші негізінде Директорлар кеңесі оның «Қазатомөнеркәсіп» басқармасының мүшесі ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған.

«Қазатомөнеркәсіп» өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр. Ал міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу жөніндегі ішкі рәсімдерге сәйкес аталған позицияның функционалдық міндеттемелері компания басшылығы арасында қайта бөлініп, атқарылатын болады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін 23 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және өзге де тұлғаларды ұстағанын хабарлаған болатын. Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысты деген күдікке ілінген.жемқорлық схемасына қатысты деген күдікке ілінген.

Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің, сондай-ақ өзге де адамдардың ұсталғанын растады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Президент аталған жайтқа қатысты Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қызметінен босатты. Оның орнына Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа басшыға ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалауды тапсырып, бірқатар міндет жүктеді.

Фото: Қазатомөнеркәсіп

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: