Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық кәсіпкер сабын шығаруда

05.09.2022, 15:45 133

HALYQLINE.KZ Қазалылық Руслан Бөлекбаев халық арасында «кір сабын» аталып кеткен тұрмыстық сабын шығаруды бастады. Ол үшін Орал қаласынан Ресейде жасалған арнайы аппаратты сатып алған.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жаңа кәсіпті қолға алған азаматты қабылдап, алдағы жоспарларын талқылады. Кездесуде Руслан Бөлекбаев сабын шығару жұмыстары қалай басталғанын тілге тиек етіп, өнім ешқандай химиялық қоспасыз шығарылып жатқанын айтып берді.

– Сабынның құрамы 100 пайыз экологиялық таза өнімдерден тұрады. Олардың ішіндегі ең негізгісі – төрт түліктің сүйегі. Сүйек міндетті түрде жілік майымен болуы қажет. Бұл шикізатты Орал қаласындағы консервіленген ет шығаратын «Кублей» компаниясынан алатын боламын. Күні кеше арнайы барып, келісімшартқа да отырдым. Қазіргі таңда 80 мың дана сабын шығаруға жететін шикізатым бар. Бүгінгі таңда 170, 200, 250, 300 және 350 грамдық сабындарды шығарып, тұтынушыларға өткізіп жатырмын. Сабынның бағасы да тұрғындар үшін қолжетімді болып табылады, – деді Руслан Жаңалықұлы.

Жаңалыққа жаны құмар Руслан Бөлекбаев алдағы уақытта бір ғана сабын шығару ісімен тоқтап қалғысы келмейді. Осы жылдың аяғына дейін дәретхана қағазын, салфетка және қағаз сүлгі шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда өзіне қажетті аппарат Ресейде құрастырылып жатыр.

Одан бөлек, келесі жылдан бастап күнделікті тұрмысқа қажетті «Фейри» және «Белизна» шығару жоспарында бар. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ізденімпаз кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, әрдайым қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: