Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі: «Өңірде 54 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алды»

17.02.2021, 11:35 283

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есепті кездесуін өткізіп жатыр. Онда 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары сөз болды. Айта кетейік, есеп беру эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өтті.

Пандемия кезінде өңірдегі 54 мыңға жуық кәсіпкер салықтық жеңілдіктерін алып, 8,5 мыңнан астамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды. 

9 мың сауда алаңы (147 ірі сауда нысандары) шамамен
700 миллион теңге арендалық ақыдан194 кәсіпкер мемлекеттік меншікті жалдау құнынан босатылды (60 млн тг). 8 мыңға жуық кәсіпкердің 11 млрд теңгеден астам несие қарызы кейінге шегерілді.

Кәсіпкерлік саласындағы бағдарламалар аясында өткен жылы бизнесті қолдауға банктермен 20 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығымен несиелендірудің қолжетімді шарттары арқылы ауыл кәсіпкерлерінің стартап жобаларына
облыстық бюджеттен 2 млрд теңге қаржы бөлінді.

Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 пайызға (48657 бірлік, ҚР бойынша – 2%-ға) артып, жұмыспен қамтылғандар саны 96 мың адамды (2019 жылы – 91,4 мың адам) құрады.

– Осы атқарылған жұмыстардың қорытындысымен облыста жалпы өңірлік өнімнің үлесі 18 пайызға ұлғаяды (2019 жылы – 17,8%). Облыстың жалпы экономикалық жағдайын талдай отырып, біз өткен жылы өңірдің 2023 жылға дейінгі «Экономикалық даму Картасын» қабылдадық.

Картада 271 млрд теңгені құрайтын 265 маңызды жоба бар. Бүгінгі күні жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын 89 жоба өз жұмысын бастады, 1047 жұмыс орны құрылды. Биыл жобалар санын 500-ге жеткізу жоспарлануда, – деді облыс әкімі.

Індет кезінде мейрамханалар қызметін тоқтады. Облыс бойынша 128 мейрамхананың 15-сі қызметін өндіріс саласына қайта бағыттады.

Аз қамтылған көпбалалы отбасыларын тұрақты табыспен қамтамасыз ету мақсатында оларды кәсіпкерлікке тартудамыз.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша 670 көпбалалы ана бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: