Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Іскерлік байланыстар» жобасына өтінім қабылдау басталды

23.08.2022, 17:10 471

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілерінің назарына «Іскерлік байланыстар» құралы бойынша өтінімдер қабылдау басталғаны хабарлайды.

«Іскерлік байланыстар» құралы өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен қолдау көрсетуге бағытталған.

«Біздің облысымыздан «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында 2019 жылы «NP-Consulting» ЖШС-ның директоры Ғалым Прекешов Германияда тәжірибеден өтті. Сол жылы аталған жоба аясында оқу курстарын аяқтаған өңіріміздің 2 кәсіпкері қазір Германияда тағылымдамадан өтіп, іскерлік байланыстар орнатуда. Олар – «AkDier» ЖШС-нен Айдана Шағатаева мен «Дезинфекция» ЖШС-нен Ерлан Асанов. Дәл осындай мүмкіндік өзге де кәсіпкерлерімізге туып тұр. Ол үшін кәсіпкерлер осы жылдың 22 тамызы мен 12 қыркүйек аралығында өтінім беруі керек», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

• басқарушылық лауазымының болуы (жоғары деңгей);
• аяқталған жоғары білімінің болуы;
• жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес (кәсіпорында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі);
• компанияның айналым қаражаты 5000 АЕК кем емес;
• «Іскерлік байланыстар» жобасының бірінші кезеңін аяқтағаны туралы сертификат немесе «ШОБ топ-менеджментін оқыту» компоненті бойынша сертификат немесе «Бизнес мектебі» оқыту шеңберінде сертификаты;
• Ағылшын тілі деңгейі Upper-intermediate және одан жоғары (тек ағылшын тілінде тағылымдамадан өтуді қалайтын қатысушылар үшін) болуы шарт.

Өтініштер atameken.kz сайтында немесе https://ds.atameken.kz сілтемесі бойынша қабылданады

Сұрақтар бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына 8 /7242/ 40 09 81 байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады. Жауапты маман – Әсел Алушаева.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: