Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі «Нұрәділ» құс шаруашылығының жұмысымен танысты

14.02.2023, 10:25 403

HALYQLINE.KZ Жақсықылыш кентінің тұрғыны Нұржан Жалғасбаев құс өсірумен айналысып, өнімін аудан халқына ұсынып келеді. Бүгін аудан әкімі С.Сермағамбетов аталған шаруашылық жұмысын көрді. Жеке кәсіпкер аудан басшысына фабрикадағы жұмысты және құсты өсіру, сою, сақтау барысын таныстырды.

Бүгінде жоба бастамашысы айына 7 тонна тауық етін өндіріп, аудан дүкендеріне өткізуде. Шаруашылықта 3 адам жұмыспен қамтылған. Осы кезге дейін өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде өнім жоғары сұранысқа ие болған. Аудан әкімі кәсіпкерге алдағы уақытта шаруашылықты кеңейту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тиісті қолдау шаралары көрсетілетіндігін жеткізді. Нұржан Жалғасбаев құс етін өндіру көлемін ұлғайтып, өнімдерді өзге аймақтарға ұсынуға ниетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: