Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық теміржолшылар ұжым болып дауыс берді

29.11.2026, 10:01 18

Бүгін Қазалы ауданында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына теміржол саласының қызметкерлері де белсенді қатысуда.

Әйтеке би кентіндегі Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде орналасқан №92 сайлау учаскесіне Қамқор локомотив жөндеу зауытының қызметкерлері ұжым болып келіп, өз таңдауларын жасады.

Еліміздің теміржол саласында табанды еңбек етіп жүрген мамандар күнделікті қызметінде теміржол қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етіп, өңірдің өндірістік және экономикалық дамуына үлес қосып келеді.

Бүгінде өздерінің кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып жүрген теміржолшылар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға да ұйымшылдықпен қатысып, азаматтық белсенділіктерін көрсетті.

Сайлауға ұжым болып қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Әрбір дауыс – азаматтық ұстанымның көрінісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: