Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Аслан» балалар киностудиясы жемісті еңбек етіп келеді

17.03.2021, 10:45 619

HALYQLINE.KZ «Аслан фильмс» балалар киностудиясы – аймағымыздағы тұңғыш әрі жалғыз балалар студиясы. Бұл балалар киностудиясы қайтарымсыз 3 миллион теңге грантқа қол жеткізіп, арнайы құрал-жабдықтар алып, 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазірдің өзінде көптеген тапсырыстар қабылдап, шығармашылық тобы кең көлемді сериалдарды түсіріп, жарыққа шығарған. Балалар киностудиясы осыған дейін қысқа метражды 4 фильм, 10-нан астам әлеуметтік ролик түсіріп, көрерменнің оң бағасына ие болған.

Студияда да оқушылар сахна тілін меңгеріп, әртістік қабілеттерін дамытады. Сондай-ақ киностудиядан операторлық мамандықты меңгеруге де болады.

«Қызылорда қаласында киноға түсемін, актер боламыз деген жастар көп. Сол мақсатта 2020 жылдың қараша айынан жұмысымызды бастадық. Қазіргі таңда бізде 6 адам жұмыс істейді. Үлкен және кіші топта балалар облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрының тәжірибелі әртістерінен сабақ алады. Бүгінгі күнде онлайн түрде 40 бала әртістік қабілеттерін дамытуда. Мақсатымыз – Қызылорда қаласында киноиндустрия саласын дамыту. Киностудияда әртүрлі санаттағы отбасылардың балалары білім алуда. Көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларды 30 пайызға дейін жеңілдікпен оқытамыз, ал өте талантты балаларды тегін оқытып, киноға түсуіне ықпал жасаймыз. Алдағы уақытта «Қызылорда» туралы толықметражды патриоттық кино түсіру жоспарда бар. Киноға қызығушылығы бар дарынды, талантты балаларды қолдаймыз. Сондай-ақ, кино индустрияны дамыта отырып, өңірдің креативті экономикасының дамуына да өз үлесімізді қосудамыз», – деді киностудия жетекшісі Жасұлан Алдабергенов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: