Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қос саусақ біріксе, ине де ілігеді

23.08.2022, 9:00 343

HALYQLINE.KZ Қызылордалық Айгүл Оңғарбаеваның қолөнер бизнесімен айналысып келе жатқанына 25 жылдан асты. Түрлі киімдер мен әшекей бұйымдар жасап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосып келеді.

«Тігін шеберханамыз 1996 жылдан бастап Қызылорда қаласында жұмыс істей бастады. Бастапқыда жеке тапсырыстар қабылдап, киім тігіп оны сатумен айналыстық. Ал 2001 жылы перде тігуге кірістік. Осы бағыттың тиімділігін байқаған соң перде тігу ісіне түпкілікті көштік. Жылдар өте келе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауының арқасында 2015, 2019 жылы және былтыр бизнесімізге субсидия алдық. Мемлекеттің бұл қолдау, көмегінің арқасында бүгінде Нұр-Сұлтан қаласынан да бөлім ашуға қол жеткіздім. Қазір Қызылорда қаласында және елордамызда ұлттық нақыштағы дүкеніміз жұмыс істеп тұр», – дейді Айгүл Оңғарбаева.

Кәсіп иесі «Даму» қоры арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкер тігін машиналарын көбейтіп, жаңартқан. Сондай-ақ, бизнесін одан әрі дамыту үшін былтыр банктен 20-50 млн-ға дейін несие алды. Бүгінде шеберханада тігін құрылғыларының барлық түрі бар. Қала халқын ұлттық нақышта жасалған перде, жалюзи, ролл-перделер мен киім-кешек, үйге арналған өзге де тоқыма бұйымдарымен қамтамасыз етіп отыр.

Айта кетейік, кәсіпкер осы бизнес аясында жеті адамды жұмыспен қамтып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: