Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлік үшін мүмкіндік көп

17.08.2022, 11:30 714

HALYQLINE.KZ Қызылордада кәсіп ашып, оны дамытып жатқан кәсіпкерлердің саны артып келеді. Сол бизнесмендердің қатарында ұлттық нақышта отандық өнім өндіретін Жанар мен Шынар Прекеевалар да бар. Олар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы 5 млн теңге несие алған болатын.

Цехта замануи, сапалы, арнайы құрақ көрпелер, ұлттық өрнекпен безендірілген жастықтар, түрлі бесік жиынтықтары, дастархандар, тұсау-кесер жиынтықтары, т.с.с. өнімдер шығады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту басым бағыттардың бірі. Өйткені бұл саланың әлеуметтік маңызы зор, халықты жұмыспен қамтуға үлес қосады. Цехқа 7 адамды жұмысқа алдық. «Даму» Қоры біздің идеяларымызды жүзеге асыруға және кеңейтуге әрдайым қолдау көрсетіп жүр», – деді апалы-сіңлілі Прекеевалар.

Айт кетейік, кәсіпкер тұтынушылардың сұранысына ие болған өнімнің көлемін арттыру және цехты кеңейту мақсатында 2021 жылдың желтоқсан айында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 6 пайыз жеңіл несиемен 14,0 млн теңге алған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: