HALYQLINE.KZ Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 93 жоба қаржыландырылды
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов айтты.
Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысқа 3 млрд 423 млн теңге бөлінген. Аталмыш бағдарлама аясында жыл басынан бері жалпы құны 1,3 млрд теңгеге 38 жоба субсидияланып, 497 млн теңгеге 22 жобаға кепіл берілген.
Шағын несиелендіру үшін «Еңбек» бағдарламасы аясында 3 млрд 353 млн теңге қарастырылған. Аталмыш қаржының 3 млрд 103 млн теңгесі ауылдық елді мекен кәсіпкерлерін несиелендіруге, 250 млн теңгесі Қызылорда қаласындағы кәсіпкерлерді несиелендіруге бағытталған. Апталмыш бағдарлама аясында жыл басынан бері 127 шағын және микро бизнес субъектілері 548 млн теңге несие алған.
«Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Жобалық кеңсенің қарауына жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрайтын 150 жоба түсті. Оның ішінде жалпы құны 7,5 млрд теңгені құрайтын 93 жоба банктермен және Аграрлық несие корпорациясымен мақұлданып, жалпы құны 3,1 млрд теңгені құрайтын 16 жоба қаржы институттарының қарауында жатыр. Қалған жобалар бойынша құжаттар жинақталуда. Жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобалардың қаржыландыруында Кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпкерлерге ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жобаларын сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп келеді», – дейді Пірмұхаммед Сыздықов.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!