Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Киллиан Мбаппе футбол жанкүйерлерін өзіне қалай қаратты?

02.04.2022, 12:00 429

1) Мбаппе Франция ұлттық құрама сапында әлем чемпионатын жеңді. Аргентина қақпасына дубль жасап, дүйім жұртты аузына қаратты. Финалда Хорватияға гол салып, есепті еселеді. Турнирдің ең жас үздік футболшысы атанды. Ол кезде небәрі 19 жаста еді.

2) Мбаппе 21 жасында ПСЖ клубын чемпиондар лигасының финалына шығарды. Алайда сол кезінде бабында тұрған Бавария ПСЖ-ға мүмкіндік бермеді. Дегенмен Мбаппенің еңбегін атап айтқан жөн.

3) 2021 жылы чемпиондар лигасында ПСЖ Барселонамен кездесті. Футбол мамандары Барселона жеңісін топшылады. Себебі ПСЖ-ның негізгі құрамында ойнайтын футболшылардың дені жарақат алған еді. Бірақ, ойын басқаша сценариймен өрбіді. Иә, сол Мбаппе. Барселона қақпасында Мбаппе салған үш доп тулап жатты.

4) Мбаппе 2021 жылы Франция ұлттық құрамасымен бірге Ұлттар лигасын жеңіп алды. Финалда Испанияға шешуші гол соқты.

5) Мбаппе жеңбеген жүлделер баршылық.

Ол чемпиондар лигасын жеңбеді. Болашақта бірнеше рет чемпиондар кубогын жоғары көтеруі бек мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: