Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Instagram: Роналду – 200 миллион жазылушысы бар жалғыз адам

30.01.2020, 15:34 542

Әлемнің ең мықты футболшыларының бірі Криштиану Роналду ерекше рекорд орнатты. Португалия футболшысының Instagram парақшасына жазылған адамдар саны 200 миллионға жетті.

Әлеуметтік желілердің статистикасымен айналысатын Trackalytics жүйесінің мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Криштиану Роналду 200 миллион жазылушысы бар алғашқы әрі жалғыз адам. Тек Instagram-ның ресми парақшасында ғана 330 миллион жазылушы бар.

Өткен жылдың басында Роналду 150 миллион жазылушы жинаған алғашқы адам атанған еді. Buzz Bingo мәліметінше, португалиялық футболшы Instagram парақшасында бір жарнама посты үшін 50 миллион доллар шамасында пайда табады.

Instagram желісіндегі ең атақты адамдар:

Криштиану Роналду (футболшы, Португалия): 200 миллион жазылушы; 

Ариана Гранде (әнші, АҚШ): 173 миллион; 

Дуэйн Джонсон (киноактёр, АҚШ): 170  миллион; 

Селена Гомес (әнші, АҚШ ) 167 миллион;  

Ким Кардашьян (фотомодель, АҚШ): 158 миллион; 

Кайли Дженнер (фотомодель, АҚШ): 160 миллион;

Лионель Месси (футболшы, Аргентина): 141 миллион;

Бейонсе (әнші, АҚШ): 139 миллион;

Неймар (футболшы, Бразилия): 132 миллион.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: