Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Барселона» футболшысы аяқкиімінің бауын байлай алмайды

26.12.2021, 12:00 417

HALYQLINE.KZ «Барселонаның» 17 жастағы жартылай қорғаушысы Гавидің алаңға неліктен аяқкиімінің бауын байламай шығатыны белгілі болды.

«Гави кішкентай кезінен бастап осылай ойнайды. Өйткені ол бау байлауды білмейді. Гави осылай ойнауға дағдыланған және бұл үшін мүлдем алаңдамайды. Жас футболшыға аяқкиімінің бауын байлау үшін командаластары көмектеседі», – деп жазды журналист Марк Марба Пратс.

Гави – «Барселонаның» түлегі. Жартылай қорғаушының клубпен келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін есептелген.

Ойыншы осы маусымда «Барселонаның» негізгі командасы сапында дебюттік ойынын өткізді. Содан бері 21 кездесуге қатысып, бір гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: