Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасөспірімді көлікпен қағып өлтірген жүргізуші сотталды

08.08.2022, 17:04 343

11.04.2021 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданының 43 жастағы тұрғыны сағат 20:00 шамасында «Mercedes-Benz 200 Е» автокөлігін басқарып келе жатып, Шаған ауылындағы көшелердің бірінде жылдамдық режімін асырып, қарсы бағытқа шығып, жолдың сол жағымен қарама-қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан велосипедтегі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақаттарынан жасөспірім оқиға орнында қайтыс болған. Тексеру барысында жүргізушінің рөлде мас күйде болғаны анықталды.

Күдіктінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы,  абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сараланып, күдіктінің іс-әрекетіне объективті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сырдария аудандық сотының 14 шілде 2022 жылғы үкімімен айыпталушыға 10 (он) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 1 (бір) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: