Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талай көрген киноның көлеңкелі тұсы

19.04.2023, 8:45 510

HALYQLINE.KZ

Өткен ғасырдың 70-жылдарының алғашқы жартысындағы балалық шағымызда теледидарда бір-ақ канал болды. Онда да сағат 21:00-да 30 минуттық «Время» жаңалықтары болады, сосын бір кино көрсетеді де, хабар аяқталып, таңертеңге дейін экран аппақ болып жыпылықтап тұратын. Сосын не істейміз? Әрине, зерігіп жаппай кітап оқитын едік! Сондықтан кітап оқымайды деп қазіргі жастарды айыптауға болмайды. Сол сүреңсіз жылдардағы кинолар да санаулы еді, оларды жиі көрсететін, солардан есте қалғаны М.Шолоховтың «Адам тағдыры» деген кітабы бойынша түсірілген фильм еді. Фильм режиссері әрі басты Соколов ролін сомдаған Сергей Бондарчук. Ол фильмдегі соғыста жетім қалаған бала Ванюшаның ролін орындаған Павел Борискинді жүзден астам баланың ішінен мұңды көзінен танып іріктеп алған болатын. Бондарчук қателеспепті, Павелдің әкесі созылмалы маскүнем, кино актер Владимир Борискин болып шықты, ол арақ ішіп алып отбасының шырқын бұзған кезде, шешесі Павликті алып жиі кетіп қалатыны киноны түсіру барысында белгілі болды. Жабырқап жүрген тірілей жетім Павел кинодағы Ваняның образына кіру үшін Бондарчук екеуі бірге тұрып, тамақты бірге ішті. Бес жастағы Павел өзіне қорған болатын Бондарчукке осылай кездесті және бауыр басып кетті. Қасына алып жатқан кезде оған Ванюшаның ролін қалай ойнау керек екенін түсіндіретін. Нәтижесінде ол шынай ойнағаны соншалық, көрермендер көзінен жас шығып шынайы жылап алатын, ол кезде соғыстың аяқталғанына 14 жыл-ақ өткендіктен, ондай жағдай екі адамның бірінің басынан өткен еді. Киноны тағы бір рет еске түсірейік:

– Ванюша, менің кім екенімді білесің бе?

– Кімсің? – деп, Соколовтың бетіне сұраулы жүзбен қарайды…

– Мен сенің әкеңмін, – деуі мұң еді, Ваня мойнынан құшақтап алып:

– Папка! Родненький! Я так долго ждал, когда ты меня найдешь! – деп жылағанда, Бондарчук-Соколовтың көзінен жас сорғалап ағып кеткендіктен машинаны жүргізе алмай жолдың шетіне тоқтап, Павел-Ваняны құшақтап солқылдап жылап кеткен көрінеді.

Кино түсіріліп жатқан село адамдары Павликті шын жетім деп, тамақ пен киетін киімдер әкелген кезі де болыпты. Міне, бір киноның біз білмейтін көлеңкелі тұстары.

Бақытжан  Абдуллаұлы,

тарихшы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: