Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кеңбай – көздегенін құлатқан мерген

14.10.2021, 15:15 80 0

HALYQLINE.KZ Тегі Қыпшақ – Қара – Торы – Шашты (Кенжеғұл) – Бошай – Көбес аталығынан.

Кеңбай батыр қазіргі Қызылорда облысының Шиелі өңірінде  ХІХ ғасырда өмір сүрген. Кеңбай батыр Сыр елінің азаттығы үшін күрескен. Батыр бабамыз – атақты мерген болған кісі. Ұрпақ-ұрпақтан аңыз болып келе жатқан дерек бойынша, бір күні Қоқан ханы Кеңбай батырдың мергендігін сынайын деп өзіне шақырады. Тарихтан белгілі, Қоқан хандығының кейбір хандары, әскербасылары, бектері қыпшақ руынан шыққан.

Кеңбай батыр Қоқан ханының шақыруын қабыл етіп, қасына бір мықты мерген жігітті серік қылып Қоқан еліне аттанады. Өкініштісі, батырдың қасындағы серігі, мерген жігіттің есімі, тегі ұмытылып қалған. Шақырылған жерге келгенде Кеңбай батыр ханға жақындай бергенде аттың үстінде тұрып шиті мылтығымен  ханның тақиясының шошағын атып түсіреді. Хан қорыққанынан құлап қалады. Сонда Кеңбай батырдың қасындағы серігі ханның етігінің тағасын атып түсіреді. Сол кезде ханның нөкерлері Кеңбай батырды атып өлтіреді. Ал, батырдың серігі қашып құтылады (4). Ауызекі дерек бойынша осындай мәлімет қалған, ұрпақтары да осы деректі мойындап тұр. Сыр сүлейі Мәнсүр Бекежанов (1875-1933) 1912 жылы Иманжүсіпке жазған хатында Кеңбай батыр есімі аталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: