Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір суреттің тарихы

22.11.2022, 11:30 320

HALYQLINE.KZ

Юра Орынбор қаласындағы ұшқыштар даярлайтын училищеде оқып жүргенде болашақ жары Валямен танысып, екі жылдан соң, 1957 жылы 27 қазанда үйленді. (Гагарин 27 жасында ғарышқа ұшып, 27 наурызда қаза тапты). Үйлену тойы екі рет болды. Юраның әке шешесіне барғанда бір тойлады, Валяның үйіне барғанда ата-енесі де той жасады. Ол кезде жастар АХАТ-қа тіркеліп болғасын 4-5 досымен ғана атап өтетін, ал екеуіне ата-аналары бүкіл деревняны шақырған болатын. Осыдан кейін екеуінің қалыпты отбасылық тіршілігі басталды, күнделікті жұмыс, қайтарда балабақшадан екі қызын алып қайтумен 1961 жылдың 12 сәуіріне дейін жүріп жатты. Содан кейін ерлі-зайыпты атақ-даңқтың астында қалып, соған төтеп беруге тура келді.

Тұңғыш ғарышкер Гагарин дүниежүзі елдерін түгелге жуық аралады, оған жер шарындағы барлық әйелдер ғашық болды, оны кездесуде сүйіп қалуға тырысқан әйелдерден түймесі шақ келмегесін, мундиріне артық түймелер керек деп әйелі Валя сөмкесіне салып жүретін болды. Москваға келген шетелдіктер Гагаринмен кездесуді қалайтын.

1961 жылы Москвадағы ІІ халықаралық кино фестиваліне келген әлем киносының жұлдызы, итальян актрисасы Джина Лоллобриджида да Гагаринге ғашық болды. Гагариннің ашық жайдары әдемі күлкісі қай әйелдің де жүрегіне шоқ болып түсетін. Фестиваль аяқталғанша қонақ болуға шақырылған Гагариннің қасынан Джина бір елі қалған жоқ, реті келгенде сүйіп жүрді (фото). Мұны байқаған зайыбы Валяға Юрий: «Валюша, менімен бірге Заполярь аязында суыққа бірге үсіп, бірге қиыншылық көрген ол емес, сен ғой. Біз екеуміз ағаш табытқа дейін бірге боламыз»,- деп сабасына түсірген болатын.

«Бір көргеннен ғашық болу, әрине, жақсы. Ал, қартайып көз жұмылар кезде, қасындағы ғашығынды cоңғы рет көріп жатып өлу – одан да жақсы» деген Гагарин 1968 жылы 34 жасында қаза тапты. Әйелі В.Гагарина (Горяеева) күйеуі өлген соң, 52 жыл бойы оқшауланып өмір сүрді, баспасөз өкілдері қанша рет сұхбат алғысы келгенімен, тележурналистер шақырған хабарларға да бармай 2020 жылы қайтыс болды.

Аударған  Бақытжан  Абдуллаұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: