Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

700-дей еврей баласын өлімнен құтқарған БАТЫР АДАМ

19.07.2023, 8:45 1166

HALYQLINE.KZ

1938 жылдың желтоқсанында Лондон биржасында маклер болып істейтін Николас Уинтон еңбек демалысына шығып, Швейцария тауларына барып демалу үшін шаңғыны да сатып алып қойған болатын. Аяқ астынан досы Мартин Блэйби телефон соғып, Прагадағы Британ биржасы жанынан осындағы Британ азаматтарын елге көшіру туралы комитет ашылғанын, жұмыс көптігіне байланысты көмектесуін өтініп шақырады. Прагаға келгеннен кейін білді, елді фашистер басып алғаннан кейін еврейлерлі оқшаулау геттосының қарқынды жүріп жатқанын, енді олардың ең болмағанда балаларын құтқару керектігін айтты. Дереу іске кірісіп кетті. Британ үкіметінен балаларға виза жасаудың жолын реттеп беруді сұрап, оған да қол жеткізгесін, еврейлер еш нәрседен хабарсыз өз балаларын қолма-қол әкеліп тапсыра бастады. Олардың кедергісіз елге жетуі үшін жалған құжатқа қол қоятын гестапо бастығы Карл Бемельбург нағыз парақор болып шықты, ақшасын алып құжатқа қол қойғасын, жолға алғашқы 20 баланы жөнелтті, поезд Нюренберг арқылы Кельн қаласындағы порт арқылы Англияға жөнелтілді. Асығу керек еді, Гитлердің шығысқа қарай соғыс ашатыны Сталинннен басқа адамдардың барлығына белгілі еді. Барлығы 900-дей балаға құжат дайын болды, ең соңғы 200 баланы 1939 жылдың 1 қыркүйегінде аттандырғанымен, соғыс басталып кетісімен шекаралар жабылып, портты қала Кельнге жете алмай із-түзссіз жоқ болып кетті, олар сол маңдағы концлагерьлерге жіберілуі мүмкін еді. Сонымен 669 баланы аман алып қалғанын ұмытып кетіп, Николас Уинтон Британ империясының әскери-әуе күштерінде қызмет етіп, 1954 жылы лейтенант шенімен доғарысқа шығады (біздегідей жоғары шен ол жақта беріле бермейді). Сосын Сент-Ольбансти қаласында қараусыз қалған қарттар үйін ұйымдастырып, Англия патшайымының қолынан Британия империясының жоғары орденін алып, жасына байланысты демалысқа кетеді.

1988 жылы әйелі бір құжат керек болып шатырға шығарып тастаған құжаттарды іздеп жатыпғ көптеген баланың фотолары мен олардың құжаттарын тауып алады. Сол кезде күйеуі Николас: «Аа, бұны тіпті ұмытып кетіппін ғой, соғыстың алдында Прагадағы биржа арқылы еврейдің балаларын құтқарып қалып едік қой, мына блокнотта олардың қай отбасына ертіп жібергені туралы жазып та қойғанмын» деп көрсетеді, тіпті өзі ерлік жасадым деп те аузына алмайды. Күйеуі Николас Уинтон рұқсат бермейтінін білген әйелі бұл құжаттарды журналистерге береді. Олар блокнот арқылы барлық балаларды анықтап, газетке жариялағанда бүкіл дүниежүзі дүр ете қалды. Журналистер: «Сіз басыңызды өлімге тіккеңізді біліп жүрдіңіз бе?» дегенде, «Ол жағын ойлауға мұрша болған жоқ, соғыс басталып кетсе шекара жабылып қалып, балалар елде қалып қоятынын ғана ойлап жүрдім» деп жауап берді. Осылайша 50 жыл өткесін ғана, онда да кездейсоқ жағдайда бір адамның 669 баланы құтқарғаны туралы ерлік белгілі болды. Тележурналист Эстер Ранцен «Ток-шоу» ұйымдастырып, аман алып қалған балаларды Лондонға шақырғанда 80-і өз отбастарымен келіп қатысады. Оны Н.Уинтон білмейді, хабар барысында барлығы орындарынан тұрып құтарушысын бірінші рет көріп, көз жастарын тоқтата алмайды. Англия патшайымы ІІ Елизавета оған «рыцарь» атағын тапсырады, Чехия республикасының ең жоғары марапаты «Ақ арыстан» ордені тапсырылады, ежелгі Моравия жерінде жасалған ерліктің 70 жылдығына байлансты 2009 жылы ескерткіші ашылады. Дүниежүзінің барлық елінің марапатына ие болған Николас Уинтон (1909-2015) ұзақ жасап, 107 жасында дүние салды. Ол құтқарған 669 еврей баласының ішінен әлемге белгілі британ режиссері Карел Рейш, американ гентигі Рената Лаксова, барон парламентші Альфред Добс, жазушы Джизеф Шлезинг, Израил елінің бас раввині Ицхак Ваис, т.б. шығады.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: