Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «Қанат жайған руханият» көрмесі ашылды

13.02.2020, 12:17 443

Биыл ұлы тұлғалар мен тарихи оқиғалардың даталы күндерін атап өту барысында білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған, данышпан Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және тамырлы тарихымыздың бедерлі кезеңін қамтитын Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай 2020 жылдың 12 ақпанында С.Айтбаев атындағы Көркемсурет галереясында «Қанат жайған руханият» атты көрменің ашылуы өтті.

Жиналғандар көрмені тамашалау үстінде…

Көрмеде Қазақстанның бейнелеу өнеріне өзіндік үлес қосқан танымал қылқалам шебері А.Дүзелханов пен жергілікті суретшілердің туындылары және А.Құнанбайұлының бұған дейін жинақтарына енбеген «Жаңа закон» өлеңі, «Қозы Көрпеш – Баян қыз» поэмасы, Сырдария аудандық музей қорында сақталған Абай тұтынған шкаф, Омбы облыстық мемлекеттік архивінде сақталған «Құнанбай Өскенбайұлының ісі» атты архивтік тың материалдар көшірмесі Сыр елі зерттеушілерінің тынымсыз ізденістерінің арқасында алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылды.

Көрмені қылқалам шеберлері, қала қонақтары мен тұрғындары және ЖОО-ның студенттері тамашалады.

Көрмені 12-19 ақпан аралығында көріп, танысуға шақырамыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: