Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысындағы ауылда клуб қызметкерлері 36 млн теңге жымқырған

23.04.2026, 15:25 72

Қызылорда облысында мемлекеттік мекеме қызметкерлері бюджет қаражатын ұзақ жыл бойы жымқырған, — деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауылдық клубтың бухгалтері мекеме директорымен бірлесіп, қызметтік өкілеттігін пайдалану арқылы 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген.

«Қылмыстық әрекет жұмысшыларға жалақыны артық мөлшерде аударып, кейін түрлі сылтаумен (қате есептеу, шот бұғатталуы және т.б.) сол қаражатты қайтарып алу арқылы жүзеге асырылған. Ал қызметкерлердің көпшілігі басшылықтың заңсыз әрекетінен бейхабар болған», — деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Күдіктілер 36 млн теңге жымқырған. Сот оларға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда сот «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сүйеніп, бухгалтерге тағайындалған жазаның 1/3 бөлігін қысқартып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген. Бірақ сот актілерінің заңдылығын тексеру барысында рақымшылық туралы заң дұрыс қолданылмағаны анықталған.

Осылайша бухгалтердің жаза мөлшері 5 жыл 7 айға ұлғайтылды.

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: