Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық оқушылар топ жарды

27.03.2023, 11:50 330

HALYQLINE.KZ

Әп,  бәрекелді!

«Ел іші – өнер кеніші». Қазыналы Қазалы өңірінде өнерімен көпшілікті тамсандырып жүрген саңлақтар аз емес. Қасиетті Рамазан айы аудан жұртшылығы үшін сүйінші хабармен басталды. Міне, жаңа ғана Алматы қаласынан тағы бір жағымды жаңалық жетті. Бұл жолы Әйтеке би кенттіндегі С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің 5 «В» сынып оқушыларынан құралған хор «Ана туралы жыр» халықаралық байқауында «Вокал» номинациясы бойынша Бас жүлдені иеленді. Талғамы жоғары көрерменнің көңілінен табылу оңайға соқпасы анық. Бұл – іргелі ұжымның жалықпай ізденісі мен жұдырықтай жұмылған ауызбіршілігінің жемісі.

«Қуанышты бөліссең көбейеді». С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектеп директоры Қымбат Сермаханды, сынып жетекшісі Эльвира Базарбайды, хор жетекшісі Нағима Қарымсақованы, оқушылар мен ата-аналарды, мектеп ұжымын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз асқақ болсын!

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: