Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Комедияның қарапайым кемеңгері

30.10.2023, 9:40 270

HALYQLINE.KZ

1998 жылдың 23 сәуірінде Г.Вицинді 80 жасқа толуымен РФ президенті Б.Ельцин мен БАҚ жаппай құттықтау жеделхатын жіберіп жатқанда, Вицин: «мен ол жасқа өткен жылы толып кеткенмін, сондықтан ешқандай құттықтауларды қабылдамаймын және ол туралы есеп бермеймін» деп бір-ақ сөзбен басталғалы тұрған мерейтойынан бас тартты. Ол атақты СССР халық артисі болса да, өте қарапайым өмір сүрді. Оның шын фамилиясы Вицен еді, арғы аталары поляк болатын, кейін ұрпақтары орыстанып кетіп, фамилиялары Вицин болып жазылып кетті. 1917 жылы 18 сәуірде дүниеге келген болатын, анасы үйірмеге беру үшін, бір жасты қосып жіберген еді. Әкесі Михайл Егорович Вицин бірінші дүниежүзілік соғыста газ шабуылынан уланып мүгедек болып оралғандықтан, отбасын асырау анасы Мария Матвееваның басына түсті, неше түрлі жұмыс істеп, соңынан театрда билет тексеруші болып тұруы баласының өміріне әсер етті. 1933-1934 жылдары Кіші театр жанындағы училищеде оқығанмен, үлгерімі нашар болғасын, оқудан шығарып жіберді. Алған мақсатынан қайтпаған Гриша 1935 жылы сол МХАТ жанындағы актерлер дайындайтын студияда оқып, театрда ойнап жүргенде актриса Дина Тополеваға ғашық болады. Ол да жас жігітпен жүре бастайды, ал күйеуі театр мен студияның көркемдік жетекшісі, СССР халық артисі Николай Хмелев еді. Ақыры 35 жастағы Дина атақты күйеуінен кетіп қалып, 19 жастағы Гриша Вицинмен азаматтық некеде болғанымен ЗАГС-ке тұрмайды. Өзінен 16 жас кіші жігітпен кетіп қалған қатынына да, Хмелев түсіністікпен қарайды, тіпті қолында тұрса да, Вицинді қудаламай қайта жаңа рольдерді сеніп тапсырады.

Вицин кәрі әйелімен бірге 20 жыл тұрғаннан кейін ойлана бастайды, бала тумайтын болғасын, қырық жастан асып кеткенсін, театрға бутафоршы болып орналасқан жас қыз Татьяна Федоровна Мичуринаға үйленеді. Ия атақты селикционер ғалым Мичуринннің немере қарындасы. Кейін Динасы қартайып төсек тартып жатып қалғанда, күтуші (сиделка) жалдап және азық-түлігі мен дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етіп тұрады. Әйелі Таня Мичурина да түсіністікпен қарап қолынан келгенше көмектесіп тұрады. Бастапқыда Вицин драмалық актер ретінде таныла бастады, кинода режиссер Г.Козинцовтың «Гоголь» фильмінде атақты жазушыны шебер орындап шығады, енді «Гамлет» фильмін түсіруге дайындалып жүргенде, режиссер Гайдайдың «Пес Барбос и необычный кросс» атты қысқаметражды фильміне түскеннен кейін үш актер бірден атақты артистер бола шыға келді. Оларды жақсы білесіздер, Моргунов – Бывалый, Никулин – Балбес және Вицин – Трус. Ал «Гамлет» киносындағы басты роль И.Смоктуновскийге бұйырды. Осы үшеуі осы кейіпкер болып, егер жаңыласпасам жеті фильмге түсті. Соларды біреуі «Кавказ тұтқыны» фильмі, егер естеріңізде болса, Бывалый, Балбес және Трустың сыра ішетін жері бар, өмірі алкоголь ішіп көрмеген Вицин сыра ішуден үзілді-кесілді бас тартады, сол кезде ол шиповниктен жасалған шырынды ішеді, алты рет дубль түсіргенмен Гайдайға ұнамайды, себебі Вицин ішкен кружкіде көбік болмағасын шынайы болмапты. Сол кезде Гайдай: «алтыншы дубльді түсіреміз» дегенде Вицин: «алтыншы рет мен іше алмаймын, ішіме сыймайды» деп байбалам салғанда Гайдай: «алтыншы дубльді түсіреміз және шын сыра ішесін» деп талап қояды, ана екі актер құдық десе де болады, олар қашпайды, ақыры бүкіл түсіру алаңындағылар үгіттеп, бірінші және соңғы рет Вицинге сыраны бір-екі рет ұртауға көндіреді. Осы үшеуінің атақты болғаны соншалық көшедегі мас адамдар түрі таныс Вицинге: «үшінші болып собразға қосыласың ба?» деп сұрағанда: «Жоқ мен төртінші болып қосыламын» дейді екен, ана мас түсінбей тұрғанда тайып тұрады екен. Осы үшеуінің фамилиясы атақты болғаны соншалық, Англиядағы «Би-би-си» хабары оның фамилиясын «Выпин» деген кездері де болды.

Жүзден астам фильмге түссе де, халық оны осы Трус кейіпкері үшін жақсы көрді, қанша атақты болса да өте қарапайым өмір кешті. Моргунов пен Никулинге қарағанда, сол арақ ішегендіктен шығар ұзақ жасап, 2001 жылдың 22 қазанында 84 жастан асқанда қайтыс болды. Ол түсін бермейтін «Запасной игрок» фильміне түскен кезде 38-де болса да, 18-дегі Вася Веснушкинді және «Жинитьба Бальзаминова» фильміндегі 28 жастағы кейіпкерін 48 жасында ойнап шықты, көрермендер тіпті жас айырмашылығын байқаған да жоқ. Ол қартайған соң халықтан оқшауланып өмір сүрді, шақырған түрлі хабарларға түсуден бас тартты. Бар ермегі өзі түратын арбаттағы үй алаңында кептерлерге күнделікті жем беретін, кейде көшеге шыққан кезде көшедегі кептерлерге де жем шашаатын, асығыс кетіп бара жатқан халық еңкіш тартып пальтосының жағасын көтеріп алған, бүкірейіп кеткен шал атақты Вицин екенің де білмейтін. Сондай ақ ол араққа салынып кеткен БОМЖ-дарды аяп, үйінен ыстық сосиска мен нан алып шығатын, олардың өмірге деген мұңын тыңдайтын. Ешқандай бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат бермегенмен, құдайы көршісі Наталья Петровнаға: «мен сияқты қартайған адамға әйелі мен қызы және иттері болса болады» деп айтқан екен. Ит демекші Вицин қағыбас үш ит асырап алған болатын, күн суықта түнге қарай оларды көршілерінен рұқсат сұрап подъездге кіргізеді екен. Үш иттің екеуі өліп қалып, соңғы үшінші «Лай» деп ат қойған итін, қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын РФ Кинемотографистер төрағасы Никита Михалковқа тапсырыпты. Ол театрда істеп жүргендегі ең соңғы сұхбатында: «Адамның өмірінде жинаған байлығы маңызды емес, қалай өмір сүргені маңызды» (Важно не то что человек нажил. Важно то, как он прожил) деген екен. Ол өзінің өмір қағидасы, яғни принципінен ауытқымай адал және ұзақ өмір сүрді.

(Қартайып кептерге жем шашып жүген Вициннің фотосы және кинокадр ашық дерек көзінен алынды).

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: