Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еңбектің ерен тұлғасына арналған айтыс

09.05.2026, 16:34 26

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Ақсуат ауылдық округінің орталық алаңында Сырдария ауданының Құрметті азаматы, “Еңбек қызыл ту” орденінің иегері Өзбекбай Қалиұлының туғанына 90 жыл толуына арналған «Еңбектің ерен тұлғасы» атты облыстық айтыс өтті.

Тағылымды шараны қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев ашып беріп, ақындарға сәттілік тіледі. Жыр додасына айтыс ақтаңгері Мұхтар Ниязов бастаған ақындар Нұрмат Мансұр, Нұрахмет Мансұр, Ержеңіс Әбді, Бексұлтан Орынбасар, Ержан Әміров қатысты.

Іс-шарада белгілі жырау Шолпан Бейімбетова, Әділхан Қуаңбаев өнер көрсетті. Барлық өнерпаздар қала әкімінің алғыс хатымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: