Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Америкалық журналист – Қызылордада!

08.02.2024, 11:55 203

HALYQLINE.KZ

19 ақпаннан бастап НТК арнасында жаңа сериал «Бұл – біздің Қызылорда» жарыққа шығады. 12 бөлімнен тұратын комедия – еліміздегі Қызылорда қаласы туралы түсірілген алғашқы туынды.

Оқиға желісі америкалық журналист-блогер Бернард Уэйннің төңірегінде өрбиді. Ол Қазақстанның тұңғыш астанасы туралы мақала жазу үшін Қызылорда қаласын зерттеуге келген. Қалаға келген оны әкімдікте штаттан тыс жүргізуші болып істейтін жергілікті тұрғын Мақсат күтіп алады. Ол Бернардтың жол көрсетушісі және оған қаланы әр қырынан тануға себепші жақын досына айналады. Алайда, кейінірек, Мақсат жол көрсетуші ғана емес, барлық қолайсыз оқиғалардың себепкері болады. Ал сериал соңында Бернард Уэйннің Қызылордаға келудегі мақсаты мүлдем басқа болғаны анықталады.

Жоба авторлары сериалға елімізге белгілі актерларды тартқан. Мәселен, басты рөлдегі Мақсатты – актер Шерхан Пірназар ойнаса, америкалық журналист Бернадты – блогер Дәулет Исраилов сомдайды. Жайдарманшы Бексұлтан Піләл да осы туындыда. Одан бөлек қосалқы рөлдерде танымал кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғани Құлжанов пен актриса Гүлшат Тутова бой көрсетеді.

Сериал жай ғана комедияға құрылмаған. Жоба продюсері Ақылбек Досжановтың айтуынша, туынды Қызылорда облысының танымал тұлғаларының қатысуымен қарапайым тұрғындардың күлкілі және қызықты оқиғаларын біріктіреді. «Сенбейсіздер ме, онда Қызылордаға келіңіздер!» слоганын негізге алған туындыда әзілкеш Қанат Әлжапбаров, әнші Мадина Сәдуақасова, актриса Зухра Сайпи, әнші Гүлнұр Оразымбетова, Серік Ибрагимов және т.б танымалдар Қызылорда қаласында болған өз оқиғаларымен бөліседі. Мәселен, сериалдың әр бөлімінде Қанат Әлжаппаров қаланың қонақжайлығын, Гүлнұр Оразымбетова Нағи Ильясовтың ауылы жайлы, Серік Ибрагимов қызылордалық адамдардың сөзінде тұратындығын, Тимур Балымбетов олардың қызыққұмар екендігін, Асылбек Боранбай патротизм, Заухра Сайпи қаланың қыздары ал Мадина Сәдуақасова қаланың жігіттері туралы әңгімелерін айтады.

Қызылордадан шыққан танымал тұлғалардың оқиғасы, өңір адамдарының өмірімен қатар, жоба арқылы режиссер көрерменге Қызылорда облысының бірегей табиғатымен танысуға мүмкіндік береді.

«Бұл – біздің Қызылорда» сериалы 19 ақпаннан бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 17:00-де НТК арнасынан көрсетіледі.

Assel  Mirayeva.

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: