Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әли Оқаповтың марапаты өзінде қалады

08.11.2023, 11:15 141

HALYQLINE.KZ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әли Оқаповтың марапатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Әли Оқапов бейнежазбасын жүктеді ғой. Министр ретінде онымен сөйлестім. Ол шығармашылықтың адамы болғаннан кейін барлығы эмоционалды тұрғыда болғанын айтты. Барлығы жан-жақтан айтқаннан кейін, менің еңбегім емес, анаммен салыстырып жатқаннан кейін оған шыдай алмадым деді. Қазір ешқандай сұрағы жоқ. Марапаты өзінде қалады», – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Тілшілер ведомство басшысынан «мұндай марапатты қайтаруға бола ма» деп сұрады.

«Қайтару болмайды және бұл дұрыс емес. Бұл жақсы прецедент емес. Әли Окапов әлеуметтік желілерде болған хейтке эмоционалды түрде жауап берді. Бір қызығы, қазір бізде барлық мәселе бойынша сарапшылар пайда болды. Олар іс жүзінде барлығына түсініктеме бергенді жөн санайды, бірақ бұлай жасауға болмайды», – деп атап өтті Аида Балаева.

Коллаж ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: