Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рубльдің әдемі ертегісі

11.05.2023, 18:00 231

Гудбай, мой мальчик. Рубльдің әдемі ертегісі осылай аяқталды.

Ресей Қаржы министрлігі сәуірдің қортындысын шығарды. Бюджет дефициті бойынша 2023 жылға болжанған межеге Ресей 4 айдың ішінде жетіп алған. Қазіргі бюджет дефициті 3,4 триллион рубльге жетті. Ол РФ Орталық банкі мен Қаржы министрлігі бір жылға жоспарлаған көлемнен 850 миллиард рубльге артық. Егер қазіргі динамиканы алып, Ресейдің параллельді импорт контракттарын төлеуді осы жылдың басына көбірек қойғанын да ескерсек, жыл соңында дефицит шамамен 7,2 триллион рубльге жетеді деп топшылауға болады.

Бюджеттік қағида бойынша, дефицитті Ресей өзінің әл-ауқат қоры есебінен жабуы тиіс екенін білеміз. Онда Ресей Қаржы министрлігінің Қор балансы бойынша әзірге ашық тұрған статистикасына көз жүгіртуіміз керек.

Ресей Қорының жағдайы нешік? Наурыз айының басында Қорда 11,1 триллион рубль, ал соңында 11,9 триллион рубль жатты. Бұдан біз, еее, олар бір айда 800 миллиард рубль кіріс түсіріпті ғой деп ойлап қалуымыз мүмкін. Бірақ, мүлде олай емес. Қағаздағы 800 миллиард кіріс – ол рубль курсы мен алтын құнының қайта есептелуінен алынды. Ал, мұнай мен газ сатудан түскен физикалық ақша қорға 2022 мамыр айынан бері түспеген. Яғни, Қорға бір жыл бойы ешкім ақша салмады. Ал осы бір жылда олар керісінше 3,3 триллион рубль шешіп алған.

Сонымен, дефицит 7,2 триллион рубль, ал Қорда 11,9 триллион рубль жатады деген параметрді алсақ, Ресейдегі қоржынның 2025 жылға дейін таусылатынын көреміз.Бұл ретте Қорды сақтап қалу үшін Ресей Федералды облигациялар (ФО) қарқынын барынша үдетуге барады деген пікірлер айтыла бастады. Бірақ Қаржы министрлігі қазір барынша жоғары ставкамен (11%) биржада апта сайын ФО орналастыруда. Одан асып қарқынды үдетуге болады дегенге сенбеймін.

Ал бизнеске салынатын бір реттік салық көп болса 300-400 миллиард рубль алып келеді.Сонда не болады? Түбі бұл факторлар санкция батпағына батқан Ресейдегі инфляцияның өршіп, рубльдің құлдырауына алып келуі тиіс. Бұдан кейін Ресей жаңа әл-ауқат Қорын жасай алмайды. Біздің көз алдымызда өзінің ұлттық қорын сарқып бітірген мемлекет кейсі пайда болмақ. Бізге енді осы процестерді мұқият зерттеп, Ресей қателігін еш уақытта қайталамау қажет.

Айбар Олжаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: