Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шынайылық бір жерде жоғалып кетті…

10.10.2021, 9:00 692

HALYQLINE.KZ Араласып-құраласу бірінші болудан қалғанды, телефондарымыз бөтен есімдерге қалай толып кеткенді, ұзақ қыдырыстағанда аналарымыз ұрысуды қойғанды байқадыңыздар ма? Бір қызармай әзілдесетініміз ше? Өлімнің не екенін, жоғалтудың, ұмытудың, тастап кетудің, соңымызға қалдыру мен есікті іштен жауып алудың не екенін білдік. Бәрі де қарапайым екенін мойындауға тура келеді, басқалай болмайды, драма ойнаудың да қажеті жоқ. Енді өз әрекеттерімізге жауап беріп, шешім қабылдау керекпіз.

Телефон қоңырауларын сирек күте бастайсың, телефонды жиі-жиі сөндіріп тастайсың, адамдардан көңілін қалуын да үйреншіктіге айналды. Енді кейбіреулер бала сүйіп, отбасы құрып жатыр. Шуақты күнге қуану қиынға түсті. Жаңбырды жек көру – оңайырақ, себебі ол бәрін бүлдіреді, былғайды. Жаз – бұл «ешқандай сабақ жоқ мезгіл» емес, бұл – туған өлке, таулар, теңіз, яғни табиғат. Біршама жаңа сөздер пайда болды: жұмыс, аванс, ипотека, стресс, диета, пайдалану, ұмыту… бірақ осылардың бәрі де қажытып бітті. Шынайылық бір жерде жоғалып кетті.

Байқамадыңыздар ма? Ешкім де байқамады…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: