Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ардагерге құрмет – ұрпаққа өнеге

04.11.2026, 15:30 48

Ардагерлер ұйымы төралқасының бастамасымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеменің жеке құрам қызметкерлері сала ардагері Әділ Әжібаевтың шаңырағына арнайы барып, қолқабыс көрсетті.

Ізгілікке негізделген шара барысында мекеме қызметкерлері ардагердің үй ауласын тазалап, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Бұл – ардагерлерге деген құрмет пен қамқорлықтың, аға буын алдындағы азаматтық борыштың айқын көрінісі.

Сала ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және әрдайым қолдау білдіру – кейінгі ұрпақтың парызы. Осындай игі бастамалар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, адамгершілік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: