Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жерлесіміз – жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі

27.06.2023, 11:55 214

HALYQLINE.KZ

Байқоңыр қалалық сотының бас маманы Нұргүл Нұрбайқызы «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды.

Астана қаласында өткен салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев әріптесімізге «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісі мен арнайы Алғыс хатты табыстады.

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінде Н.Нұрбайқызы эссе жазу арқылы кейстік тапсырманың тиімді шешімін ұсынып, өңірлік кезеңнің жеңімпазы атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Республикалық кезеңде әріптесіміз мемлекеттік қызметтегі өзекті мәселелерді шешу және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілерге арналған тұрғын үй жобасын іске асыру және мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру бойынша жоба әзірлеп, республикалық комиссия алдында қорғап шықты.

Осылайша, Н.Нұрбайқызы республикалық конкурстық комиссия шешімімен «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» деп танылды.

Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: