Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұшқыр қалам» иелеріне құрмет көрсетілді

29.06.2022, 15:30 473

HALYQLINE.KZ

Бүгін жылдағы игі дәстүрге сәйкес, 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай «Ұшқыр қалам – 2022» атты мерекелік шарасы өтті.

Айтулы күннің құрметіне орай, қала әкімі Асылбек Шаменов қоғамдық-ақпараттық саланы шебер меңгерген бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, алғысын жеткізді.

Мерекелік іс-шарада Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, белгілі ақын Дүйсенбек Аяшұлының асқаралы 60 жасқа толуына орай қала әкімі сый-құрметін көрсетіп, иығына шапан жапты.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шараның тартуы ретінде сала үздіктері арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара барысында Сыр елінің белгілі өнерпаздары мен «Мереке» вокалды-аспапты ансамблі әннен шашу шашып, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Суретті түсірген Б.Алмусаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: