Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлағат көрген ұядан

06.03.2023, 17:10 280

«Ертеңгі күн Аллаға аян, пендеге күмән». Десе де басың ауырып, балтырыңыз сыздаса медицина қызметкерлерімен қатар халық емшілерін дежағалайтынымызды несіне жасырамыз?!

Ғани Мұратбаев ауылында Алдабергенова Алтынай атты халық емшісі бар. Емі шипалы, айтқан болжамы да тура келеді» деген сөз ел арасында көптен бері естіліп жүрген еді. «Халық айтса қалт айтпайды».

Жуырда осы пікірдің дұрыстығына көзім айқын жетті. Өзіме маңызды жұмыспен Алтынай емшінің үйіне іздеп бардым. Адам қабылдайтын арнайы бөлмесінде отырып кезеңімді күттім.Апай жылы өңді, жүзінен мейірім төгілген жан екен. Бетіме қадала қарады да мен туралы айта бастады. Кенет… апай менің тек өзіме ғана мәлім ішкі ойымдыжайып салды. Селкете түстім. Мұндайды мүлдем күтпеген едім. Есіме интернет желісінен оқыған «телепатия» туралы «Телепатия (грек тілінен теле (алыс) және патея (сезім))-парапсихологияда басқа адамның ойы, сезімі немесе қызметі туралы ақпаратты паранормальды түрде алу ретінде анықталатын сезімнен тыс қабылдау түрі. Бұл терминді 1882 жылы психикалық зерттеулер қоғамының негізін қалаушы, классикалық ғалым Фредрик В.Х.Майерс енгізді және «ойды ауыстыру» сияқты бұрынғы сөз тіркестерінің орнын басты. Телепатия көбінесе басқа паранормальды құбылыстармен байланысты, мысалы, алдын ала тану, көріпкелдік және психокинез»,– деген түсінік түсті. Алтынай апаммен біршама уақыт әңгімелестім. Сөз арасындаемшінің менің өмірден ерте өткен бауырымРыскүл Айдарбекқызымен №421 (қазіргі №204) Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептебір сыныпта оқығанын естігенде онан әрі жақын тарта түстім. Осы жолы «адамды дәрімен ғана емес, жылысөзбен де емдеуге болады» дегенді терең сезіндім. Алтынай апаның үйінен сыртқа ширақ басып шықтым.

Алтынай Алдабергенованың әкесі ел арасында «Сарымолда» атанған мұсылманша дәріс алған сауатты жан болыпты. Атақты әулие Әлмұхаммед Қалдыбайұлы (Қара молда) атамызбен рулас (екеуі де Құрманай руынан)әрі бір кезеңде ғұмыр сүріпті. Дінді апиын санаған Кеңес өкіметінің солақай саясаты қос молданы айналып өтпепті. Әбіл молда амалсыздан Атыраудағы Сағыз деген жерге қоныс аударады. Бұл жерде де белсенділер маза бермепті. Шыдамы таусылған Сары молда сұғанақ көзден жасырған қасиетті Құран Кәрім кітаптарын өздері тұрған жертөленің ішін қазыпқұрым киізге орап жергекөмеді. Ал,құрым киізге оралған зат ұзақ уақыт сақталатыны көне көздерге жақсы мәлім. Міне, ғажап! Үй егелері тысқа беттегенде жерге көмілген Құран кітаптар кереметтің күшімен биікке көтеріліп, қайтадан орнына түскен деседі. Елге оралған Әбіл атамыз Алтынай он төрт-он бес жасқа келгенде дүниеден озады. Тектітілік тегін кетсін бе? Алтынайдың бойындағы асыл қасиет атадан балаға, Сары молдадан дарыған десек жалған болмас.

Алтынай Әбілқызы Алдабергенова бүгінгі таңда өсіп-өнген іргелі әулеттің отанасы.Бақытберген ағамызбен бірге ұлдарын аяқтандырып, келін түсіріп, 13 немере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Перзенттері мен келіндері жоғары білімді,ұлағатты ұстаздар. Тұңғыштары Ардақ пен келіні Нұрбақыт «Елеу Көшербаев» атындағы №279 мектеп-лицейінің мұғалімдері. Ортаншы ұлдары Гүлдаурен Басықара ауылындағы №182 орта мектептің директоры болса,зайыбы Нұргүл Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектепте бастауыш пәнінің мұғалімі. Кенже ұлы Даулет Ғ.Мұратбаев атындағы №91 орта мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімі. Ал, оның жұбайы Камшат №15 «Балдаурен» балабақшасының тәрбиешісі.Бақытберген аға мен Алтынай апаның немерелері Инабат пен Исмат Қарағанды қаласындағыжоғары оқу ордасында грант арқылы оқып жатқан студенттер. Ақберені Қызылорда қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушысы.

Айта  кетерлігі, осынау береке қонған шаңырақтың балалары мен немерелері спортты жақын тұтқан жандар. Сәттілік серіктеріңіз болсын!

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

Ғ.Мұратбаев ауылы,

Қазалы ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: