Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үркер» мен «Тұмар – 2026»: үздік журналистер анықталды

16.10.2026, 21:55 29

Астанада өткен Qazaqstan Media Awards салтанатында еліміздің үздік журналистері мен медиажобалары марапатталды. Биыл ұлттық сыйлықтарға 600-ден астам өтінім түскен.

Astana Media Week 2026 аясында «Үркер» және «Тұмар» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары жарияланды. Екі байқау биыл алғаш рет Qazaqstan Media Awards атауымен біріктіріліп, 12 номинация бойынша үздіктер анықталды.

«Үркер – 2026» сыйлығында Жанар Сердалина жылдың үздік журналисі атанды. «Ақтөбе» газетінің тілшісі Мирамгүл Рахатқызы жылдың үздік материалы үшін марапатталса, «Казахстанская правда» журналисі Лаура Тусупбекова үздік талдамалық материал авторы деп танылды. Үздік радиожоба атағын Қазақ радиосының «Ойтұма» бағдарламасы иеленді.

Биыл алғаш енгізілген жасанды интеллект саласындағы үздік жоба номинациясында Altainews Media Centre ұсынған «AI-ЖАН» жобасы жеңіске жетті. Ал Tengrinews редакциясының Tengri TV жобасы үздік медиажоба атанды.

«Тұмар – 2026» телевизиялық сыйлығында «Еуразия» бірінші арнасының өкілі Вероника Вишневская үздік тележүргізуші атанды. 24KZ арнасының «4739» туындысы үздік деректі жоба, Qazaqstan арнасының «Қарқынды құрылыс» материалы үздік телевизиялық жұмыс деп танылды. Сондай-ақ Jibek Joly арнасының «Правда в деталях» жобасы, Астана TV-дің «Ауыл бапкері» телехикаясы және 7-арнаның «Новости» бағдарламасы марапатқа ие болды.

Салтанатты жиында Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев технология мен жасанды интеллект дамыған кезеңде де кәсіби журналистиканың маңызы төмендемейтінін атап өтті. Сонымен қатар 30 жылдық мерейтойларына орай Президент телерадиокешені мен «Информбюроға» арнайы жүлделер табысталды.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: