Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде Елорда күні ерекше тойланды

07.07.2022, 16:10 268

HALYQLINE.KZ Шиелі ауданындағы М.Шоқай атындағы орталық алаңда 6 шілде – Елорда күні мерекесіне орай мерекелік шара өтті.

Шараны аудан әкімі Нариман Мақұлбеков ашып беріп, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

– Жас та болса, бас болған ару қаламыздың қарыштап дамып, көркеюіне әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар деп есептеймін.

Алдағы уақытта да береке-бірлігіміз бен қажырлы еңбегіміздің арқасында биік мақсаттар мен жоспарлы жұмыстарды абыроймен бағындыратындығымызға сенемін!

Қуанышқа толы мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілеймін!

Сәулеті мен дәулеті жарасқан, ұлттың ұлы тұғырына айналған бағаналы бақ ордамыздың, еңселі Елордамыздың мәртебесі арта берсін! – деді аудан басшысы.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының мерекелік бағдарламасына ұласып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Оған қоса, бас қаламыздың мерекесіне орай ауданымызда түрлі мерекелік іс-шаралар, фестивальдар мен байқаулар өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: