Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Профессор Алданияз Ерғалауов атындағы дәрісхана ашылды

02.09.2022, 16:15 465

HALYQLINE.KZ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында оқу орны жаңа дәрісханамен толықты. Саналы ғұмырын ұстаздық етуге, шәкірт тәрбиелеуге арнаған филология ғылымдарының кандидаты, профессор Алданияз Ерғалауов есімі дәріптелді.

«Ғалымның өнегелі өмір жолы, азаматтық биік болмысы, қоғамға сіңірген еңбегі артына өшпестей із қалдырды. Ендігі біздің міндетіміз – осындай тау тұлғалы азаматтарымызды кейінгі жас ұрпаққа насихаттап, сол кісілердің ізін жалғаушы жастарды тәрбиелеу.

Жаңа дәрісхана білім алушылардың сапалы білім алуына, ғылыми ізденістер мен жаңа идеяларды іске асыруларына септігін тигізеді деп білемін», – деді Бейбіткүл Кәрімова.

Ғұмырын ғылыми-шығармашылық жұмысқа арнап, қазақ-ағылшын тілдерінің сөзжасамдық, грамматикалық, морфологиялық, стильдік тұрпаттарына талдау жасауға арнаған ғалымның 30-дан астам ғылыми еңбегі мен оқулығы жарық көрді.

Салтанатты іс-шарада Алданияз Ерғалауовтың баласы Қадырнияз Алданиязұлы университеттің стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен» марапатталды. Сонымен қатар, оқу орнының естелік кәдесыйлығы табысталды.

Жаңа дәрісхананың лента қию рәсіміне Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы мен ардагерлер Кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайбергенұлы қатысып, қатысушыларға профессордың еңбегі туралы баяндады.

Жиынға Алматыдағы АҚШ бас консулдығының өкілдері, директорлар кеңесінің мүшелері, профессор Алданияз Ерғалауовтың туыстары, белгілі қоғам қайраткерлері, университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: