Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полицейлер БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

29.06.2022, 13:50 223

HALYQLINE.KZ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай, облыстық Полиция департаментінің басшылығы өңіріміздің журналистер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

– Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Қаламдарыңыз қарымды, еңбектеріңіз жемісті болсын. Сізге және Сіздердің жақындарыңызға денсаулық, амандық тілеймін, – деген тілегін білдірді департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әміржан Өтегенов.

Сонымен бірге, тәртіп сақшылары өмірі шежіреге толы ішкі істер органдарының ардагері, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Қазыбек Әшірбекұлына ерекше алғысын білдірді.

Полицияның имиджін көтеріп, беделін арттыру, қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу тақырыбындағы іс-шараларды көрсетуге, насихаттауға қосқан үлесі үшін бір топ журналистер «Қазақстан Полициясына 30 жыл» төсбелгісімен наградталса, Департамент бастығының бұйрығымен барлық журналистер «Грамотамен» марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: