Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімінің құттықтауы

28.06.2022, 10:15 233

HALYQLINE.KZ

Құрметті бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлері!

Қадірлі сала ардагерлері!

Көркем әдебиеттің көрнекті өкілі Әзілхан Нұршайықов: «Газеттің ісі – бір күндік, сөзі – мың күндік» деп баспасөздің бағасын білдіргендей, Сырдың сөз қуаты, ой шуағы ежелден еленген ерекшелікке ие. Бүгінгідей медиа кеңістіктің ауқымы кеңейіп, ақпарат таратудың көзі көбейгені журналистердің кәсіби деңгейін көтере түсті. Қазір қаламгерлер жаңалықтар жаршысы ғана емес, жедел және ашықтық алаңының айнасына айналды. Осындай жауапты жұмысты жандандырып, қалам қуатымен, ой шұрайымен қоғамға қызмет етуші журналистика майталмандарын төл мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Қазақ журналистикасының қарыштауы уақытпен үндестігі, замана зейінімен үйлескені десек, руханияттың келелі күші – ақпараттық өріс. Тұтынушы талғамын табу, тың тақырыптар ұсыну, ақиқатқа араша түсу, оқырман сапалы өніммен сусындау сынды талапты талантты журналистер орындайды. Бәсекелестік нарықта тынбай, талмай еңбек ететін қаламгер қашанда қоғамның құрметіне лайық.

Бүгінгі күні облыстың медиа кеңістігінде 130-дан аса бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істеуде. Әрбір басылымның өз оқырманы, телеарна мен радионың өз көрермені мен тыңдарманы бар. Мұның өзі іргелі индустрияның ізі.

Газеттің пікірі – халықтың сөзі, көптің ойы. Шынайы сөз бен сұңғыла сюжет – адам үшін айнымас түйін, нақты нышан. Сондай сұранысты қамтамасыз етудің жауапкершілігі журналистер үшін ең шұғыл, ең тәуекел байлам. Мұндай мүмкіндікті кәсіби мамандар ғана атқара алады.

Қадірлі БАҚ өкілдері!

Сіздерді төл мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, амандық тілеймін.

Ізгі ниетпен,

Нұрлыбек Нәлібаев,

облыс әкімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: