Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхтар Шаханов – «Қазақстанның Еңбек ері»

16.06.2022, 17:00

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау төрінде атақты ақын Мұхтар Шахановты»Қазақстанның Еңбек ері» атағымен марапаттады.

Ұлттық құрылтай отырысында Тоқаев кеше даңқты композитор, сазгер Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек ері» атағы берілгенін еске салды. Шәмші Қалдаяқов – Әнұран авторы, ұлт руханиятында ерекше орны бар аса көрнекті тұлға.

«Біртуар сазгерге құрмет көрсету – перзенттік парызымыз. Шәмшіні халқымыз «қазақ вальсінің королі» деп қадірлейді. Шәмшінің әндері қашанда халықтың жүрегінде, ешқашан құндылығын жоймайды. Шәмші ағамыз әлі күнге дейін халқымыздың өмірінің бір бөлігі деп айтуға болады. Оның ақын Мұхтар Шахановпен бірлесіп жазған әндері елге кеңінен танымал. Әйгілі композитор мен атақты ақынның достығы барша азаматқа үлгі», – деді Тоқаев.

Жуырда Шәмшінің іні досы Мұхтар Шаханов сексен жасқа толады.

Мемлекет басшысы Шахановқа Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілетінін айтты.

«Оның шығармашылық еңбегі қандай құрметке де лайықты. Бұл кісі – өте шыншыл, адал, ұлтжанды адам. Мен бүгін Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек ері атағын беру туралы жарлыққа қол қойдым. Еліміздің ең жоғары марапатын ақынға ұлт ұясы Ұлытау төрінде тапсырғанды жөн көрдім», – деді Тоқаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: