Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бейбіткүл Кәрімова: «Әрбір қазақстандық Елорданың қайталанбас қолтаңбасымен мақтанады»

06.07.2021, 12:00 400

Қадірлі қауым!

Еліміздің Бас ордасы ұлтымызға үлкен серпін, елімізге жаңа леп әкелді, тарихи өлшеммен өте қысқа мерзімде айбыны мен абыройы асқақтаған ғажайып мегаполис биігіне көтерілді. Қазір әрбір қазақстандық Бас қаланың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанады.

Тәуелсіз дамуымыздың шынайы іргетасы болып табылатын Елордамыз – өткен 23 жылда халықаралық деңгейдегі игілікті істер мен баянды бастамалардың тұғырлы төрі ретінде танылып, серіктестікке деген сенімнің, ынтымақтастыққа деген ниеттің, бірлікке деген бекемдіктің шынайы символына айналды.

Еліміздің барлық өңірлері – әрбір қазақстандықтың ортақ рухани құндылығы, ерекше мақтанышы, әсем Нұр-Сұлтан қаласына қарап бой түзеп келеді.

Әлемдік деңгейде мәртебесі жоғары, әлеуметі мен әлеуеті, берекесі мен бірлігі, сәні мен салтанаты жарасқан елордамыз отанымызды өркениет өрісінің жаңа көкжиектеріне бастай береді.

Барша қазақстандықтарды осынау атаулы мерекемен құттықтай отырып, әрбір отбасына бақ-береке, толайым табыс тілеймін!

Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!

Бейбіткүл КӘРІМОВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: