Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Осыншама көп қытайды қайда көмеміз!?»

30.05.2021, 12:00 1767

HALYQLINE.KZ Жоңғар хандығын жер бетінен жойып жіберген қытайлар Қазақ жеріне де енгені белгілі. Абылайдың бұйрығымен алдынан сес қылып, Елдің, Жердің иесі бар екенін көрсетуге Қабанбай аттанады.

Тарбағатай тауының Ақсуат жағында ма екен, әлде, Өкпеті тұсындама екен. Қабанбайдың алдыға жіберген шолғыншы жасағы тізгін ұшымен «Қабекелеп» арттағы әскерге жетіпті. Қолдың алдындағы Қабекең:

– Иә, не болды? Әшейінде Қабанбаймын, жау келгенде «Қабекелеп» қаласыңдар. Тыныштық па? – деп жөн сұрайды. Сонда шолғыншы жасақтың басшысы:

– Батыреке, біздің қол он мың сарбаз, қытайлар жүз мың әскер. Не істейміз? – деген екен. Жаудан беті қайтып көрмеген Дарабоз, астындағы Қубас атының басын тартып тұрып:

– Не істейтінімізді мен де ойланып тұрмын. Ол жүз мың қытайдың бәрін қайда көмеміз? – депті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: